Жамбыл атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек Білім күніне арналған “Әділетті Қазақстан: сапалы білім,адал ұрпақ,табысты ұлт” тақырыбында сынып сағаттары,дөңгелек үстел,пікірталас жарыс және кездесу сабақтары өткізіліп ”Білімге ұмтылу,еңбек сүйгіштік және отаншылдық”, “Менің сүйікті мектебім”,”Мектебім мейірбандық мекені”, "Менің жазғы демалысым",”Сәлем,жаңа оқу жылы” тақырыбында бейнероликтер түсірілді.
Мақсаты:Оқушыларға адамгершіліктің жоғары этикалық нормалары екендігіне көз жеткізу,татулық,достық адами қасиеттердің маңыздылығын түсіндіру және адамдардың өміріндегі әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру.#Bilim_guni