Жамбыл атындағы орта мектепте Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 2024 жылы 6 -сәуір күні “Бүкіләлемдік денсаулық күніне” арналған мектепшілік спорттық іс-шара өткізілді.
Жоспар бойынша мектеп алаңына сынып жетекшілер және 1-11 сынып оқушылармен жиын өткізілді. Жиыннан соң түрлі спорттық жарыстар мен жүгіру марафоны ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды.
“Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі” деп айтылғандай, оқушыларымыз тазалық, спорт, денсаулық туралы жақсы көңіл күй мен белсенділіктерін көрсетті.